Еңбекпен қамту – қарыздан құтылу жолы

12 Сәуір 2021, 16:43
Сурет: Dilara Issa (RFE/RL)

Сотталғандарды бас бостандығынан айыру орындарынан ертерек еркіндікке шығару мәселесі қаралғанда олардың жәбірленушілерге келтірген зиянды және сот шығынын толық өтеуі басты роль атқарады. Ал зиянды өтеудің жолы – сотталғандарды жұмыспен қамтамасыз ету.

Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЛА-155/13 (қоныс колониясы) мекемесінің әкімшілігі сотталғандарды жұмыспен қамтуда көптеген игі шараларды жүзеге асыруда. Қаладағы ірі кәсіпорындар мен компаниялардың басшыларымен кездесіп, жазалыларды жұмысқа алу жөнінде келісімдер жүргізілуде. Келісім жүргізу барысында ҚР Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес сотталғандардың жұмыс жасау жағдайлары, еңбекті қорғау ережелері, техникалық қауіпсіздік және өндірістік санитария нормалары реттеледі. ҚР Еңбек кодексінде көрсетілгендей сотталғандардың еңбекақылары ең төменгі мөлшерден кем болмауы керек.

Мекемеге жаңадан келген сотталғандарды жұмысқа орналастыруда олардың жеке бейімділігі, кәсіби дағдылары ескеріліп, бас бостандығынан айыру орындарында алған мамандықтары бойынша іріктеледі. Жұмысқа орналасқан соң сотталғандардың жеке істері бойынша атқару парақтары болса, еңбек жалақыларынан белгіленген сома ұсталып отырады.

Қазір аталған түзеу мекемесінде 147 сотталған жазасын өтеуде. Олардың ішінде 70 адамның жалпы сомасы 161 781 123 205 теңге қарызы болса, оның ішінде 8 сотталғанның әрқайсысы бір қылмыстық іс бойынша 19 804 449 636 теңге қарызды өтеуі керек, яғни сегіз адамға тиесілі барлық сома - 158 435 592 088 теңге.

Жыл басынан үш айдың ішінде сотталғандардың еңбекақыларынан 311 902 тенге ұсталды.

Сондай-ақ оларға өз туыстарына материалдық көмек көрсетулері үшін және жеке басына қажетті заттарды сатып алулары үшін қаражаттарын пайдалануға мүмкіндік беріледі. Өйткені "Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Заңына сәйкес сотталғандардың еңбекақысынан қарызды өтеуге ұсталынатын ақшадан оның өзінде ең төменгі күнкөріс деңгейіне жететін қаражат қалуы тиіс.

Сотталған адамның қоғамға лайықты азамат болып оралуына ең басты себеп – жұмысқа орналасып, өз бетінше қаражат табуы екені аян. Бұл орайда ЛА-155/13 түзеу мекемесінің мамандары жан-жақты жұмыс істеуде.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?