Бір топ браконьер құрықталды. Еліміздің үш өңірінде кең ауқымды операция өтті

12 Сәуір 2021, 16:44
Сурет: new-variant.ru

ҚР ІІМ Нұр-сұлтан қаласының, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстарының аумақтық полиция департаменттерімен киіктерді заңсыз аулаумен және олардың мүйіздерін өндірумен айналысатын қылмыстық топтардың жолын кесу бойынша кең ауқымды арнайы операция жүргізді, деп хабарлайды zakon.kz.

Осылайша, 8 және 9 сәуірде үш аймақта криминалдық полиция қызметкерлері бір уақытта 11 адамды анықтап, ұстады, олардан мыңнан астам ақбөкен мүйіздері табылып, тәркіленді.

Мемлекетке алдын ала келтірілген залал сомасы шамамен 2 миллиард теңгені құрады.

ҚР ҚК 339-бабы "Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерін, олардың бөліктері мен дериваттарын заңсыз пайдалану" бойынша қылмыстық істер қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды, соның нәтижесі бойынша қоршаған ортаға келтірілген экологиялық залал белгіленеді.

Қылмыскерлердің басқа серіктестерін, сондай-ақ мүйіздерді сату арналарын анықтауға бағытталған жедел-тергеу шаралары одан әрі жүргізілуде.

ҚР ІІМ киіктерді, сондай-ақ олардың мүйіздерін заңсыз аулағаны, сатып алғаны, сақтағаны, өткізгені, тасымалдағаны немесе жойғаны үшін 3 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру қылмыстық жауаптылығы көзделетінін хабарлайды.

Браконьерліктің барлық нысандары мен түрлеріне, оның ішінде киіктерді заңсыз аулауға және олардың дериваттарын пайдалануға қарсы іс-қимыл Ішкі істер органдарының басым бағыттарының бірі болып табылады.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?