Жаңалықтар тізбегі
0

Кульбаева Бахыт деген директор жас мұғалімнің қанын ішті

facebook.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.04.2021 15:22 facebook.com
Құл мұғалім құл студенттерді даярлайды.

Күйініп кеткен казақ баласы әлеуметтік желі арқылы министр Асхат Аймағамбетовтен араша сұрап отыр, деп хабарлайды zakon.kz.

Министрден бассыздықты бақылауға алып, жасы үлкен бастықтардың жас мамандарды қорлауға ешқашан жол бермеуін сұрайды.

Әлихан Жақсылық – Қ.Жұбанов атындағы Жоғары колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті оқытушысымын дейді. Айлығы 126 – 127 мың теңге, бірақ мәселе ақшада емес:

Директорымыз Кульбаева Бахыт Сагындыковаға "адамдар басшы - қосшы болып бөлінбейді, адамдар тең" деген қарсы пікір айтқаным үшін "қудалауда" жүрмін. Күйінетінім өз елімде, өз жерімде, тәуелсіз Қазақстанда тұрып, өзімнің анамдай адамдардан қысым көріп отырғаным. Ақшада тұрған ештеңе де жоқ. Айтайын дегенім, соңына түсіп әбден титықтап қалған мен секілді мұғалімдер көп ұзамай құлға айналады. Ал, құл мұғалім құл студенттерді даярлайды. Жағыну, жалпақтау, иілу, көндігу, бастықты Құдай деп санау осыдан шыға келеді.

Құрметті, Асхат Аймағамбетов және білім басқармасындағылар!

Сана азаттығын, ой еркіндігін, сөз бостандығын қалайтын ортада мұндай қысым көрушілікке жол бермеулеріңіз сұралады. Жастарға үйретудің орнына, қолдаудың орнына, ақыл-кеңес айтудың орнына, соңына түсіп, мәлімдеме жазып, айлығын қиып тастау дегенге ешқашан көнбейді екенмін. Бұл барлық жастардың қалауы! Ал болашақ колледжге түсушілерге айтарым, бізге келерде шаш үлгіңіз жақсы, костюміңіз әдемі болмаса келмеңіз, себебі сіздің жер-жебіріңізге жетіп, жеке басыңызға қол сұғып, құл деңгейіне жеткізгенше ұрсып, балағаттайды. Мұғалім қысым көретін елде білім де, ғылым да, өнер де, ар-ұждан да дамымайды. Құдайберген Жұбанов біз бір-бірімізге өктем болсын деп атылып кеткен жоқ, дейді ол.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: