Жаңалықтар тізбегі
0

Қағаз жүзінде бәрін қатырып қоятын жүйеде өмір сүріп келеміз

today.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.04.2021 21:03 today.kz
Арамызда арам адамдар өте көп.

Қазақпыз ғой. Билігіміз бізді алдап, билікті біз алдап, 30 жыл бойы келе жатқан Қазақстанбыз ғой. "Бармақ басты, көз қыстымен" талай тірлікті тындырып үйреніп алған әккі азаматтарымыз ебін тауып, вакцинаны да өтірік алған болып шықпасын, дейді "Жас Алаш".

Мәжбүрлеу мен науқаншылдық көзбояушылыққа әкеп соқпасын!

Алдау неге керек десеңіз – көптеген мемлекеттік мекемелерде қызметкерлер вакциналауға мәжбүрленуде. Мемлекеттік мекемелердің бәрінде "салдырмасаң жұмыстан шығарамыз, сыйақыдан айырамыз" дейтін шолақ белсенділер қаптап жүрген жоқ деп кім айтты? Біздің биліктің вакцина салдырмағандарды ертең автобусқа мінгізбей, асханаға кіргізбей қоюы да ғажап емес.

Біз не істесек те, алдымен жоғарыға есеп беріп, істің бәрін қағаз жүзінде қатырып-тындырып қоятын жүйеде өмір сүріп келеміз. Біздің алдау мен көзбояушылыққа деген құмарлығымыздың кесірі осы вакциналау науқанына да тиіп кетер ме екен?

Вакцина салынбай қалса – әкімдер мен министрлер сөз естиді, біреу вакцина алудан бас тартса – бастығынан дәрігер таяқ жейді. Қағаз жүзінде ғана вакциналау ерікті, қазақ бірақ бұл өмірде тым еріксіз. Содан шығар, алдай салу билікке де, халыққа да оңай болды.

"Естіген құлақта жазық жоқ", Қазақстанға сырттан вакцина тасу мен вакцинаны Қазақстанда шығару бизнесін Боранбаев жүргізіп отыр деген ақпарат жетті ұзынқұлақтан. Әне, әркім өз тірлігін өзінше жасап жатыр.

Ең жаманы – ертең вакцинаны өтірік алғандар шынымен коронавирус жұқтырып жатса не болады? Сол кезде қандай өтірік ойлап табар екенбіз?!

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: