Жаңалықтар тізбегі
0

Ресейлік дәрігерлер Байқоңыр жұмысшылары мен тұрғындарын тексереді

inform.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.04.2021 22:19 inform.kz
Жұмыстың құны - 6 миллион рубль (33,6 миллион теңге). Жұмысты 2021 жылдың 30 қарашасына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Ресейдің Федералды медициналық-биологиялық агенттігі (РФМ) ғарыш айлағына жақын маңда тұратын Байқоңыр қаласы тұрғындарының денсаулығына қоршаған ортаның әсерін тексереді. Бұл туралы мәлімет мемлекеттік сатып алу сайтында пайда болды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Байқоңыр ғарыш айлағы қызметкерлерінің және ғарыш айлағына жақын орналасқан халықтың денсаулығын өндірістік және экологиялық факторларды ескере отырып, мониторингілеу жүйесін жетілдіру" қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмысының орындалуы("Космос-21" коды)", - делінген кмемлекеттік сатып алулар сайтына орналастырылған өтініште.

Жұмыстың құны - 6 миллион рубль (33,6 миллион теңге). Жұмысты 2021 жылдың 30 қарашасына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Техникалық міндетке сүйенсек, мердігер 2016-2021 жылдар кезеңіндегі "Байқоңыр" кешенінің өндірістік деңгейлерінің және қоршаған орта факторларының динамикасын, "Байқоңыр" кәсіпорыны жұмысшылары мен ғарыш айлағына жақын орналасқан елді-мекендердің тұрғындарының денсаулық жағдайы динамикасын талдауы тиіс.

Сонымен қатар, Байқоңыр қаласында тұратын тұрғындардың 2016-2020 жылдар аралығындағы демографиялық көрсеткіштерін тексеру жоспарланған.

Кешен жұмысшыларының денсаулық жағдайын клиникалық бағалаудан кейін жеке емдеу-алдын алу жоспарлары тағайындалады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: