Жаңалықтар тізбегі
0

ҰОС және тыл ардагерлері пойызбен бір ай тегін жүре алатын болды

astrakhanfm.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.04.2021 23:22 astrakhanfm.ru
Билеттерді ресімдеу үшін кассаға жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын және Ұлы Отан соғысы ардагерінің немесе тыл еңбеккерінің куәлігін ұсыну қажет.

Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлері үшін теміржол көлігімен тегін жүру науқаны жүзеге асырылады, деп хабарлайды zakon.kz.

Биыл Ұлы Жеңістің 76 жылдығын мерекелеу аясында 1-31 мамыр аралығында науқан бойынша тегін жүру мүмкіндігін тыл еңбеккерлерінің барлығы бірдей, жасы бойынша шектеу қойылмай пайдалана алады.

"Сонымен қатар 1935 жылғы 31 желтоқсанға дейін туған ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлері 2021 жыл бойы теміржол көлігінің қызметтерін тегін пайдалана алады. Науқан "Samruk-Kazyna Trust" Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры бастамашылық ете отырып, "Жолаушылар тасымалы" АҚ-мен бірлесіп "Жеңіс" республикалық әлеуметтік-қайырымдылық жобасы шеңберінде жүзеге асырылады. Науқан шарттарына сәйкес, ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлері Қазақстан Республикасы мен ТМД елдері арасында барлық бағыт бойынша тегін жол жүре алады. ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне барлық санаттағы пойыздардың купе вагондарында, оның ішінде "Турист" класты вагондарда және "Talgo" компаниясының пойыздарында мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған мамандандырылған купелерде орындар бөлінеді", делінген ресми хабарламада.

Тегін жол жүру науқаны тұрақты негізде өткізіледі. Осы науқан бойынша билеттерді ресімдеу үшін билет кассасына жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын және Ұлы Отан соғысы ардагерінің немесе тыл еңбеккерінің куәлігін ұсыну қажет.

ТМД елдеріне билет алар кезде тегін жол жүру құжаттары (билеттер) тек Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан сату пункттерінде ресімделеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: