Ішкі әуе рейстеріндегі жолаушылардан да ПТР-тесттің анықтама қағазы сұрала ма

Pixabay Pixabay
Қаулыдағы бұл норма тек халықаралық рейстерге қатысты. Мұны Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті растады.

Zakon.kz редакциясына хабарласқан оқырман ішкі әуе рейстерінде де жолаушылардан ПТР-тест тапсыру міндеттеліп жатқан-жатқанбағанын біліп беруді сұрады.

Ендеше нақтылай кетелік, жаңа қаулыда ПТР-тест анықтамасы жоқ жолаушыларды ұшаққа мінгізбеу туралы айтылған.

Елімізге келген барлық азаматтар Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өткеннен кейін ПТР әдісімен алынған тест қорытындысы бар анықтаманы (қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдерінде), яғни COVID-19-ды жоққа шығаратын сертификатты ұсынуы керек. Оның мерзімі Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан өту кезінде үш күннен аспайтындай болуы керек. Бес жасқа дейінгі балаларды, Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын, әуе компания экипаждарын қоспағанда, - делінген 1-тармақтың 1-тармақшасында.

Қаулыдағы бұл норма тек халықаралық рейстерге қатысты. Мұны Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті растады.

Бұл өзгерістер мен толықтырулар No 56 қаулыға енгізілді және ол тек халықаралық рейстерге қатысты. ПТР анықтаманы шетелден келген Қазақстан азаматтары да, шетелдіктер де тапсыруы керек, - деп түсіндірді комитеттегілер.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз