Жаңалықтар тізбегі
0

Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов "Спутник V" екпесін салдырды

inform.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.04.2021 01:18 inform.kz
Күні кеше өңірге 11 мың доза көлемінде "Спутник V" вакцинасының кезекті партиясы жеткізілді.

Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов коронавирусқа қарсы екпе салдырды. Қазір денсаулығы жақсы, кері әсері жоқ. Қалыпты жағдайда жұмысын атқарып жатыр, деп хабарлайды zakon.kz Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жер бетін жайлаған қауіпті індеттен құтылудың жалғыз жолы – вакцинация. Ғалымдардың, білікті дәрігерлердің айтуынша, вакцина пайдаланған кезде иммундық жүйе күшейеді. Ал біз екпені жаппай салғызсақ, вирустың одан әрі таралуына жол бермейміз, індетке тұтастай тосқауыл қоя аламыз. Сондықтан да баршаңызды вакцина алуға шақырамын, - деді С.Трұмов.

Күні кеше өңірге 11 мың доза көлемінде "Спутник V" вакцинасының кезекті партиясы жеткізілді. Қазір Ақтау мен Жаңаөзен қаласында және аудан орталықтарында арнайы дайындалған егу кабинеттері жұмыс істеуде. Өңір тұрғындары өзі тұратын ауданға қарамастан егу кабинеттерінің кез-келгеніне барып, короновирусқа қарсы вакцина салдыра алады.

Келесі аптадан бастап ірі сауда үйлерінде, спорт мектептерінде, колледждерде, "Ақтау" сауда ойын-сауық орталығында қосымша жылжымалы егу пункттерін ашу жоспарланып отыр. Арнайы бригадалар Халыққа қызмет көрсету орталығында, "Атамекен" ӨКП және т.б. нысандарда жұмыс істейді.

Әлемді дүрліктірген пандемиядан еліміз де аз зардап шеккен жоқ. Бір жылдың ішінде қаншама отбасы қара жамылып, арыстай азаматтарымыздан айырылдық. Былтырғы жағдайдың қайталанбауы үшін де дәрігерлер кеңесіне жүгініп, дұрыс шешім қабылдауға шақырамын. Ауызбіршілігіміздің арқасында бұл сыннан да сүрінбей өтеміз деген сенімдемін, - деді Маңғыстау облысының әкімі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: