Жаңалықтар тізбегі
0

"Ashyq" қосымшасында адамдарға тағылған белгі жиі өзгеріске ұшырап отыра ма

kapital.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.04.2021 22:50 kapital.kz
Айта кетсек, қызметі шектелген қоғамдық орындарға "Ashyq" мобильді қосымшасы QR-кодты көрсету арқылы кіруге мүмкіндік береді.

Ashyq қосымшасында адамға белгіленген мәртебе 14 күн бойы сақталады. Мәртебе белгіленгеннен кейін екі аптадан соң өзгеруі мүмкін. Бұл туралы Алматы қаласы бас санитарлық дәрігерінің орынбасары Садуақас Байғабылов айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

"Қызыл" мәртебесі барлардан бұл белгі 14 күннен кейін алынып тасталады және автоматты түрде "сары" күйге ауысады. Егер науқас адаммен байланысы болса, онда "сары" белгісімен расталады. Егер 14 күннің ішінде олар ауырмаса, онда сәйкесінше, "көкке" өтеді. Әр тұрғын өзінің мәртебесі туралы білетін болады. Егер ол ауырса, онда оған "қызыл" белгі беріледі. Егер үйде немесе жұмыста науқас адаммен байланыста болған болса, оның "сары" белгісі болады, - деді Байғабылов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Айта кетсек, қызметі шектелген қоғамдық орындарға "Ashyq" мобильді қосымшасы QR-кодты көрсету арқылы кіруге мүмкіндік береді. Қосымшада қызыл, сары, көк және жасыл мәртебелерге бөлінетін тәуекел дәрежесін көрсетеді.

Қызыл – амбулаториялық бақылаудағы адамдарға беріліп, үйде оқшаулануы қажет екенін көрсетеді.

Сары – қозғалысты ішінара шектеу, яғни пациентке үйден оқшаулау режимін сақтайтын жерден 500 метрден аспайтын азық-түлік және шаруашылық дүкендерге, дәріханаларға баруға рұқсат етіледі.

Көк – ПТР міндетті болатын орындардан басқа (мысалы, әуежайда) қозғалысқа ешқандай шектеулер жоқ.

Жасыл – қозғалыста ешқандай шектеулер жоқтығын білдіреді. Бұл пайдаланушы деректер қорында COVID-19 теріс нәтижесі бар ПТР-тестілеуден өткен адам ретінде көрсетілген.

Аталған мәртебелерді көрсету бизнеске өз қызметін жалғастыруға көмек беріп қана қоймай, өзге келушілерге қауіптің алдын алады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: