Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан облысында діни-экстремистік идеология насихатталғаны ашылды

ТО ПД баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.04.2021 18:48 ТО ПД баспасөз қызметі
Облыс полицейлері деструктивті сипаттағы материалдарды таратқан күдіктілерді ұстады.

Түркістан облысы Полиция департаменті тергеушілерінің іс жүргізуінде Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері діни сипаттағы тыйым салынған аудио және бейнематериалдарды тарату күдігі бойынша ұсталған адамдарға қатысты қылмыстық істер бар, деп хабарлайды zakon.kz.

Мәселен, Түркістан облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы жүргізген мониторингтің бір тәулігінде, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде діни-деструктивті сипаттағы таралымның 4 жайты анықталды.

Атап айтсақ, жедел уәкілдер "Вконтакте" әлеуметтік желі қолданушысының бірінің парақшасынан діни-экстремистік бағыттағы идеологияны насихаттайтын бейнероликтер мен хабарламаларды анықтады. Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдікті ретінде Түркістан қаласының тұрғынын ұстады.

Аталған жайт СДТБТ-де ҚР ҚК 405-бабының 2-бөлігімен "Қоғамдық немесе діни бірлестіктің не өзге де ұйымның қызметіне олардың экстремизмді немесе терроризмді жүзеге асыруына байланысты олардың қызметіне тыйым салу немесе жою туралы сот шешімінен кейін қатысу және ұйымдастыру" тіркелді және тиісті сараптамалар тағайындалды. Сондай-ақ күдіктіге қатысты ҚР ҚК 256-бабы 2-бөлігі "Терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды.

Сол күні полиция қызметкерлері мониторинг жұмысы барысында, "Фейсбук" және "Твиттер" әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында діни-деструктивті сипаттағы экстремистік бейнероликтер мен мәтіндік хабарламалар жариялаған Кентау қаласының үш тұрғынының жеке басын анықтады.

Күдіктілерге қатысты ҚР ҚК-нің 405-бабы "Қоғамдық немесе діни бірлестіктің не өзге де ұйымның қызметін олардың экстремизмді немесе терроризмді жүзеге асыруына байланысты олардың қызметіне тыйым салу немесе тарату туралы сот шешімінен кейін ұйымдастыру және оған қатысу" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, ҚР ҚК-нің 256-бабымен "Терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру" тиісті сараптамалар тағайындалды. Күдіктілердің бірі ҚР аумағынан тыс жерде жүргендіктен, қазіргі уақытта оны ұстау бойынша шаралар қабылдануда.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға діни-деструктивті сипаттағы тыйым салынған материалдарды таратқаны үшін қатаң қылмыстық жауапкершілік бар екені туралы ескертеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: