Жұмысын дұрыс атқара алмағаны үшін "ҚазАвтоЖол" басшысы орнынан алынды

16 Сәуір 2021, 11:46
Сурет: baigenews.kz

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ басшысы қызметінен босатылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

"Жұмысын дұрыс атқармағаны үшін "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Ұлан Әліпов қызметінен босатылды", деп жазды ол Facebook-те.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметке республикалық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жағдайын жақсарту бойынша кешенді шаралар қабылдауды тапсырғаны белгілі болды.

Ұлан Әліпов 2019 жылдың ақпан айынан бастап "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ басқарма төрағасы болып қызмет атқарды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?