Нұр-Сұлтанда жол ортасындағы қып-қызыл төбелестің себебі анықталды

видеодан алынды видеодан алынды
"Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Елордада жол ортасында төбелескен көлік жүргізушілері жазаланды, деп хабарлайды zakon.kz.

Нұр-Сұлтан қалалық ПД-ның хабарлауынша, Газель мен Mercedes жүргізушілері арасындағы төбелес Бөгенбай батыр даңғылының бойында болған.

Жанжалдың себебі - олардың ұятсыз қылық танытып, бір-біріне жол бермеуі. Төбелестің барлық қатысушылары анықталып, полицияға жеткізілді, деп хабарлады полициядағылар.

"Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Нұр-Сұлтан қалалық полициясы жүргізушілерге қоғамдық тәртіпті бұзбауды, төтенше жағдай туғызбауды және көлік құралдарының қозғалысына кедергі келтірмеуді ескертті.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз