Қазақстанда кинотеатрлардың билеті қымбаттады
Қазақстанда бір жыл ішінде кинотеатр билеттері 16 пайызға қымбаттады, деп хабарлайды zakon.kz.
Energyprom.kz зерттеуі бойынша, 2021 жылы наурызда кинотеатр билеттерінің құны 1,5 мың теңгеге жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 16 пайызға қымбат.
Сарапшылар ең қымбат билеттер Шымкентте (2,6 мың теңге), Атырауда (2,5 мың теңге) және Ақтөбеде (2,1 мың теңге) екенін атап өтті.
Ең арзан билеттерді Түркістан қаласының тұрғындары сатып ала алады (800 теңге). Билеттердің бағасы бір жыл ішінде тек Қостанайда (3,5% , 1,3 мың теңгеге дейін) және Семейде (2,7%, 1,1 мың теңгеге дейін) төмендеді, делінген хабарламада.
Сондай-ақ, 2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында кино және видеоөндіріс және дыбыс жазу саласында 41 млрд.теңгеге қызметтер көрсетілді, бұл - өткен жылмен салыстырғанда 37,4 пайызға аз көлем.
Жалпы, кино нарығының қатысушылары отандық прокат үшін локдаун қатты соққы болғанын айтады.
Бұған дейін елімізде жалпы түсірілімдер 52,1% түсіп кеткені хабарланған болатын. Мемлекеттік ұлттық киноны қолдау орталығының мәліметтері бойынша, кинотеатрлардың орташа толу деңгейі бүгінде 10 пайызға әрең жетті, дегенмен ең төменгі жоспарланған деңгей кем дегенде 30% болуы керек.