Жанбайды, ериді. Желіде бетпердені сынап көрген видео тарауда

видеодан алынды видеодан алынды
Медициналық бетперде жанбай, ерігені таңқаларлық және әдеттен тыс жайт емес.

Желіде медициналық бетпердені өртемек болған адамның видеосы тарауда. Бірақ жеке қорғаныс құралы жанбайды, ериді. Осыған байланысты видео авторлары бетпердені улы деген қорытынды жасайды, деп хабарлайды zakon.kz.

stopfake.kz бұл жаңсақ тұжырым екенін, медициналық маскалардың уыттылығы туралы ақпаратты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жоққа шығарғанын жеткізді.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2021-04/thumbs/1618821021_betperde.png

– Біріншіден, бұл видео Қазақстанда емес, Ресейде түсірілген және біздің елге қатысы жоқ. Екіншіден, бізде сатылатын бетперделердің сапасы санитарлық талаптарға сәйкес келеді және сапасы жоғары, – деп хабарлады ведомстводан.

Сонымен қатар, медициналық бетперде жанбай, ерігені таңқаларлық және әдеттен тыс жайт емес. Жеке қорғаныс құралдары арнайы материал – спанбондтан жасалады. Бұл синтетикалық тоқымаға жатпайтын материал, ол берік, жоғары және төмен температураға төзімділігі, су өткізбейді, сондай-ақ инфекциялардан қорғауға қажетті басқа да қасиеттерімен ерекшеленеді.

Спанбонд улы емес және қауіпсіз. Ол синтетикалық материал болғандықтан, жанған кезде ериді, бірақ зиянды қосылыстар бөлмейді.

Пластик медициналық маскалар өндірісінде қолданылмайды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз