Жаңалықтар тізбегі
0

Бойы 2 метр қазақ баласы. Әскерде кереуетке сыймай жүр

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.04.2021 20:33 видеодан кадр
Өзіне шақ келетін аяқ-киім табу тіпті мұң.

Бойы екі метрге жуықтайтын сарбаз әскерде кереуетке сыймай жүр. 47-ші өлшемдегі аяқ киім киетін қатардағы жауынгер өзгелерден гөрі ширақ қимылдайтын көрінеді. Жамбыл облысындағы әскери бөлімдердің бірінде борышын өтеп жатқан жігіт ұзын бойдың қиындығын да тартып жүр екен, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Сап түзеп тұрған сарбаздар арасынан Әсет Абулғапаровты бірден байқауға болады. Топ ішінен менмұңдалап бірден көрінеді. Ол әскерге Алматы қаласынан шақырылған. Қазір Жуалы ауданындағы тау-қорықшылар батальонында борышын өтеп жүр. Оның бойы мектеп қабырғасынан бері жылдам өсе бастаған екен.

Әсет Абулғапаров, қатардағы жауынгер:

Менің бойым үнемі қатарластарымнан ұзын болатын. Мектепте де, университетте де барлығынынан жоғары көрінетінмін. Әрине, бойдың ұзын болғаны жақсы,мәселен іс-қимыл мүмкіндігі өзгелерге қарағанда көбірек. Бірақ, мұны мен басқа адамдардан артықпын, қандай да бір шешуші фактор деп есептемеймін.

Биыл Әсеттің жасы 21 де. Әскери бөлімшеге алғаш аяқ басқан сәтте оның бойын өлшеуге тырысқан медбикелер біраз қиналыпты. Алайда қазір амалын тауып, медициналық тексеру барысында мамандар орындықтың көмегіне жүгінеді.

Қатарластары арасында Әсеттің көмегіне сүйенетіндер көп. Әсіресе, аласа бойлы адамдар қолы жете алмайтын жердің бәріне Абулғапаровты жәрдемге шақырады.

Әділ Жанетов, қатардағы жауынгер:

Орындық іздеп жүрмейсің да, сол жағынан жақсы. Тез барып келеді, аяғы да ұзын. Сол жағынан ыңғайлы да бұл бала. Мінезі, бәрі жақсы, қалжыңдасамыз бәрімен. Біз еңкеймейміз де ғой ағаштар арасында, өте бересің, бұл еңкейіп, қызықтар болады сондай. Машиналарға сыймайды, ыңғайсыз бұған, сол жағынан қызық та, отырған кезде басы шығып қалады.

Әсеттің жаны сүймейтін шаруаларының бірі электр жарық шамдарын ауыстыру. Маған айтылатын ең жиі өтініш осы дейді ол. Тіпті, осы уақытқа дейін жаңалаған шамдарының санынан жаңылысып қалыпты. Сосын Әсетке кез-келген кереует сай келе бермейді. Қазірдің өзінде 2 метрлік әскери төсектен сарбаздың аяқтарының ұшы шығып жатады. Ал өзіне шақ келетін аяқ-киім табу тіпті мұң.

Әсет Абулғапаров, қатардағы жауынгер:

Дұрыс аяқ-киімді іздеп табу керек, әрине, ол барлық жерде сатыла бермейді. Бірақ, әскерге келгенде онымен проблема болмады, тез-ақ алып берді. Әскерде бұл артықшылығым менің пайдама жұмыс істеп жатыр 40 адамның бірдей аяқ-киімінің ішінен өзімдікін оп-оңай тауып аламын.

Бойшаң сарбазды командирлері де бағалайды. Әсет бала кезден баскетболмен айналысқан, спортқа жақындығы әскерде көп көмегін тигізіп жатыр екен. Сонымен қатар, ол гитарада ойнап, ән де салады.

Марат Оразов, 91678 әскери бөлімшенің артиллериялық батарея командирі:

Мен оны тек қана жақсы жағынан айтар едім, әскери, жауынгерлік дайындықтан, дене дайындығы барлығы жақсы. Өз ойын анық жеткізіп, қарулас достарының арасында ол өзін сенімді ұстайды.

Әсеттің кескін-келбеті әкесіне тартқан. Оның бойы 1 метр 91 сантиметр. Жалпы Абулғапаровтар отбасы мүшелерінің барлығы бойшаң. Қазір олар Әсеттің әскерден оралуын тағатсыздана күтіп жүр.

Тәжікүл Әзизқызы, Әсет Абулғапаровтың әжесі:

Өзінің бойы ұзын, әскерге кетерде қалай болар деп қатты уайымдадым. Барлығы дұрыс болса екен деп тіледік. Содан біраз уақыт өтті, үйренген секілді, әйтеуір қуанып жүр, бөлімін мақтайды.

Әсет әскерге барғанына еш өкінбейді. Әскери қызметті ол барлық ер азамат міндетті түрде өтуі тиіс өмір мектебі дейді. Осында үйренгені мен алған білімі өмір бойы қажет болады деп біледі.

Айтпақшы, жас арбаздың әскер қатарына шақырылғанына дәл бүгін алты ай толып отыр. Сондықтан, оған Отан алдындағы борышын алдағы уақытта да абыроймен атқаруға тілектеспіз.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: