Тоқаев жол сапасына байланысты тағы бір шенділерді жұмыстан босатты

20 Сәуір 2021, 10:44
Сурет: 24.kz

Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша республикалық маңызы бар және жергілікті жолдардың құрылысы мен жөндеу жұмыстарын ретке келтіру жалғасуда, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы Берік Уәли өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша республикалық және жергілікті жолдардың құрылысы мен жөндеу жұмыстарын ретке келтіру жалғасып жатыр. Осы саладағы жұмыстарды және бақылауды босаңсытып алғаны үшін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы С.Бармақов, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстары әкімдерінің орынбасарлары Т.Шәкімов, И.Турков және Н.Қалауовтар қызметінен босатылды", делінген жазбада.

Сондай-ақ, оның айтуынша, Үкімет, әкімдер, құқық қорғау органдары бюджет қаржысының тиімсіз жұмсалуының алдын алу, жол құрылысы саласындағы келеңсіздіктерді жою үшін шаралар қабылдап жатыр.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?