Алматыда Tesla мен Lexus соқтығысып, жол апаты орын алды

20 Сәуір 2021, 15:09
Сурет: zakon.kz

Алматыда Жандосов пен Саин көшелерінің қиылысында Tesla Model S және Lexus IS көліктері соғысты, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Электромобиль жүргізушісі Жандосов көшесімен батыс бағытқа қарай жүріп келе жатқан. Ол бұрыла бергенде, оған бар жылдамдығымен Lexus көлігі келіп, соқтығысқан. Алдын ала мәлімет бойынша, Тесланың жүргізушісі келе жатқан автобильдерге жол бермей, бұрылыстан шыққан.

Соққы әсерінен қос көлік жолдың екі шетіне ұшқан.

Тесла иесінің айтуынша, соққыдан соң автоматты жүйесі іске қосылып, электромобиль өздігінен жолдың шетіне барып тұрған.

Апат кезінде зардап шеккендер болған жоқ. Полиция оқиға орнында жұмыс істеп жатыр.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?