Жаңалықтар тізбегі
0

Біртановты қамауда ұстау 30 мамырға дейін ұзартылды 

@lysinaa, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.04.2021 22:05 @lysinaa
Осыған дейін бұл мерзім 30 сәуірге дейін ұзартылған еді.

Денсаулық сақтау экс-министрі Елжан Біртановты қамауға алу мерзімі 30 мамырға дейін ұзартылды, деп хабарлайды zakon.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Сотқа дейінгі тергеу процесінде Елжан Біртановты қамауда ұстау мерзімін 30 мамырға дейін ұзартылды. Осыған дейін бұл мерзім 30 сәуірге дейін ұзартылған еді.

Бұрынғы министрдің адвокаты Дмитрий Куряченко әлеуметтік желіде тараған Елжан Біртановтың суретіне қатысты пікір білдірді.

Ол (Елжан Біртанов – автор) өзін жақсы сезінеді. Әлеуметтік желідегі тараған сурет Біртановқа тиесілі. Ол тергеу процесіне солай қатысты, - деді адвокат.

Сондай-ақ Елжан Біртановқа 14 мамырға дейін жұмысқа баруына рұқсат етілді. Ол таңғы 8:00-ден кешкі 19:00-ге дейін жұмыс істей алады.

Мен заңға бағынатын азаматпын. Заңға қайшы әрекет жасаған емеспін. Маған жұмыс істеп, отбасымды асырау керек. Мен – дәрігермін, басқа мамандығым жоқ. Басқа салада жұмыс істеп, ақша тауып жүрген жоқпын, - деді бұрынғы басшы сотқа дейінгі тергеу процесінде.

Айта кетейік, 2020 жылдың қарашасында бұрынғы денсаулық сақтау экс-министрі Елжан Біртанов қамауға алынды. Оған "бюджет қаражатын аса ірі көлемде ысырап етті" деген айып тағылды.

Кейін Елжан Біртанов соңына дейін күресуге бел буғанын мәлімдеді.

Елжан Біртанов 2017 жылдың 25 қаңтарынан 2020 жылдың 25 маусымына дейін Денсаулық сақтау министрі қызметін атқарған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: