Павлодарда дәрменсіз әкім ауыл тұрғындарына мал санын азайтуға кеңес берді

22 Сәуір 2021, 10:32
Сурет: mail.kz

Павлодар ауылының тұрғындарының айтуынша, жергілікті билік маңайдағы жерге түгел егін егіп тастаған. Енді жұрт мал жаятын өріс таппай отыр. "Төрт түлік ұстау жылдан жылға қиындап барады" деп ашынады олар. Өкінішке орай, бұл проблеманы шешуге әкімдіктің де шамасы жетер емес, деп хабарлайды zakon.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Өрісі тарылған ағайын азын-аулақ малын қайда жаярын білмейді. Төрт түліктің аузы көкке тиер сәтте қорада қамап ұстауға мәжбүр.

Алдан МАМАНҰЛЫ, ПАВЛОДАР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Малымызда жайылым жоқ. Екінші, жайылымға шығарайық десек екі жағын полямен жауып тастаған. Бір мал жүре алмайды. Бақташы осыған наразы болып, бақташы таба алмай жатырмыз. Жайылым болмаған соң мал бағатын бақташы да табылмай тұр. 20-30 шақырым жерге түлікті айдап апарып-әкелуге ешкімнің құлқы жоқ.

"Оған көнетін адам болса да, ақысы қымбат, шығын көбейеді" дейді тұрғындар.

Жұпар КЕҢЕСҚЫЗЫ, ПАВЛОДАР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Енді бізге малдың жайылымы қиын боп тұр. Жылда жылда егінге береді. Ана бір біти ғана жолдан сиырды солдат құсап өткізу керек - дейді. Ол деген масқара ғой. Адам да ұқпайды ғой оны енді мал тұрмақ. Бақташы ешкім баққысы келмейді. Жылда бағаны көтереді. 2 мың болды. Қазір 3 жарым мыңға жеткіздік. Шөпті 50 мыңнан аламыз.

Мәселені ауыл әкімі де шеше алмай отыр. Оның айтуынша, Павлодар ауылына 7 мың гектар жайылым жер керек. Бірақ жақын маңда бос жер қалмаған. Жергілікті билік проблеманы реттеудің басқа жолдарын қарастырып жатыр.

Сырым РУШАНОВ, ПАВЛОДАР АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Геоботаникалық тексеріс өткізілді. 2121 гектарға көп жылдық шөп енгізіп салу керек. Қазір бюджетке қала әкімшілігіне заявка сұрап жатырмыз. Оның бәрі берілсе, бір тағы 200-300 гектар жерге осындай көп жылдық шөпті саламыз.

Мұнымен де мәселе шешілмеуі мүмкін. Сондықтан ауыл әкімі тұрғындарға мал санын азайтуға да кеңес берген. Бірақ, халық ата кәсіптен қол үзгісі келмейді. Онсызда елді-мекенде мұнан басқа күнкөріс көзі жоқ.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?