COVID-19-ға қарсы отандық вакцина қолжетімді болды

22 Сәуір 2021, 13:14
Сурет: zakon.kz

22 сәуірде ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтында өндірілген QazVac (QazCovid-in) - қазақстандық вакцинасының бірінші партиясын жөнелтуге қатысты. Тарихи шарада zakon.kz тілшісі де болды.

50 мың дозадан тұратын алғашқы партия Алматы, Шымкент, Ақтөбе және Нұр-Сұлтандағы "СК-Фармация" қоймаларына жеткізіледі.

Қазақстандық вакцинаны әзірлеу біздің мемлекетке коронавирус инфекциясына қарсы өз вакцинасын жасаған әлемдегі бес елдің қатарына кіруге мүмкіндік берді. Бұл тек халықтың денсаулығына қатысты мәселе емес, сонымен қатар отандық ғылымның әлеуеті мен биофармацевтикаға заманауи технологияларды іс жүзінде қолданудың дәлелі, мемлекеттің беделі, - деді Ералы Тоғжанов.

Өткен жылдың қазан айында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев отандық вакцинаны әзірлеу бойынша нақты тапсырмалар берді.

Премьер-министрдің орынбасары Мемлекет басшысының қазақстандық вакцинаны өндіруге қатысты барлық тапсырмалары Үкіметтің ерекше бақылауында екенін және вакцинаның бірінші партиясының бүгінгі жөнелтілімі оның іс жүзінде жүзеге асырылғанын куәландыратынын атап өтті.

Осы жылдың 26 ​​сәуірінде халықты QazVac вакцинасымен вакцинациялау басталады. Мамыр айында келесі партияны - 50 мың доза көлемінде шығару жоспарланып отыр. Сонымен қатар, вакцина өндірісі біртіндеп айына 500-600 мың дозаға дейін көбейтіледі, - деді Тоғжанов.

Отандық вакцина Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тізіміне енгізілген. Оның толық қауіпсіздігі дәлелденді, вакцина коронавирус инфекциясына қарсы күшті иммунитет қалыптастырады. Инактивацияланған вакцинаның артықшылығы - вакцинамен байланысты ауруларды тудырмайды. Сонымен қатар, QazVac вакцинасын жеткізу әдістері күрделі тоңазытқыш қондырғыларын қажет етпейді, олар тоңазытқышта плюс 2-8 градус температурада да тасымалдана береді.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?