Ресейдегі кешегі шерулерде 1700-ден астам адам ұсталды

znak.com znak.com
Навальный бұған дейін белі мен аяғын емдету үшін дәрігер кіргізуді талап етіп, аштық жариялаған.

Ресей полициясы түрмеде аштық ұстап жатқан оппозициялық саясаткер Алексей Навальный бостандығын талап еткен акция кезінде 1700-ден астам адамды ұстады, деп жазады centralasian.org.

Президент Владимир Путин федералдық кеңеске жолдау жасаған күні Қиыр Шығыста Владивостоктан бастап, Балтық жағалауындағы Калининградқа дейінгі аралықта түрлі қалаларда мыңдаған адам Алексей Навальный негізін қалаған "Жемқорлықпен күрес қорының" жетекшілері шақырған митингіге қосылды. Навальный жақтастары Кремль сыншысына қажетті дәрежеде медициналық көмек көрсетілмесе, денсаулығы мүлде нашарлап кетуі мүмкін деп алаңдайды.

Наразылар мен белсенділердің ұсталуын бақылайтын "ОВД-Инфо" сайтының хабарлауынша, 21 сәуір түнге дейін Ресей қалаларында 1700-ден астам адам ұсталған. Жартысына жуығы Санкт-Петербург үлесіне тиеді.

Бірнеше күн бұрын билік "Жемқорлықпен күрес қорын" "экстремистік ұйым" деп атап, оны жабуға әрекет қылған. Навальный көмекшілері наразылықты сәл кешірек өткізуді жоспарлаған, бірақ саясаткердің денсаулығының күрт нашарлауына байланысты наразылықты сәл ертерек өткізіп отыр.

Навальный бұған дейін белі мен аяғын емдету үшін дәрігер кіргізуді талап етіп, аштық жариялаған.

"Біз Навальный мырзаның өміріне қауіп төніп тұр деп санаймыз" деп жазды БҰҰ-ның адам құқығы бойынша тәуелсіз төрт сарапшысы 21 сәуірде жариялаған мәлімдемесінде.

Сәрсенбі күні наразылық өтпей тұрып полиция белсенділердің үйін тінтіп, жаппай ұстау шараларын өткізген. Бас прокуратура тұрғындарға "рұқсат етілмеген митингіге шықпау қажеттігін" ескертіп, шыққан жағдайда жаппай тәртіпсіздік бабы бойынша іс қозғалатынын мәлімдеген.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз