Шымкентте жеміс-көкөністі қайта өңдейтін екі кәсіпорын ашылады

Отырар Отырар
Жоба құны - 1 млрд 318 млн теңге.

Шымкент қаласында шикізат секторынан дайын өнім секторына өту бағытында екі ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда, деп хабарлайды zakon.kz otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Олардың бірі қуаттылығы сағатына 3 тоннаны құрайтын жеміс-көкөністі қайта өңдейтін кәсіпорын. Жоба құны - 400 млн теңге. Бүгінде аталған нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр.
Ал екіншісі сағатына 7 тонна жеміс-көкөністі өңдеуге қауқарлы кәсіпорын. Жоба құны - 1 млрд 318 млн теңге. Нысан құрылысы алдағы уақытта басталады деп жоспарлануда.

Шымкент қаласында жалпы биылғы жылы ауыл шаруашылығы саласында инвестициялық 28 жоба жүзеге асырылады. Нәтижесінде 71,7 мың тонна бидай, арпа, жүгері, көкөніс, бақша, картоп, жеміс сынды өсімдік шаруашылығы өнімдері өндіріледі деп жоспарлануда.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз