Нұр-Сұлтанда "Ashyq" қосымшасына тіркелген нысандар демалыс күндері жұмыс істейді

23 Сәуір 2021, 12:24
Сурет: astana.gov.kz

Алдағы демалыс күндері Нұр-Сұлтан қаласында "Ashyq" мобильді қосымшасында тіркелген бірқатар бизнес-нысан жұмыс істейді, деп хабарлайды zakon.kz.

Елорда әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Ashyq" қосымшалары кәсіптік нысандарға қатаң карантиндік жағдайда жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Мысалы, егер қала сырқаттанушылық деңгейі бойынша "қызыл" аймақта болса, онда "Ashyq" қосымшасын қолданатын бизнес иелері "сары" аймақ үшін көзделген шарттар бойынша жұмыс істей алады.

Бүгінгі таңда жоба Нұр-Сұлтан бойынша 135 кәсіпкерлік субъектісін біріктірді. Оларға фитнес және спа, сауна, бассейн, боулинг, компьютерлік клубтар мен қоғамдық тамақтану ұйымдары кіреді. Айта кету керек, бұл кәсіпорындар өткен жылы төтенше жағдай жарияланғаннан кейін жабылып, тоқтатылды. "Ashyq" қосымшасы тоқтап қалған кәсіпорындарға жұмысын қайта бастауға мүмкіндік береді.

"Ashyq" пилоттық жобасының басты мақсаты – келушілер мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Себебі барлық азаматтар қоғамдық орындарға бару арқылы өзін-өзі оқшаулау режимін сақтамайды және вирустың таралу қаупін тудырады. Сонымен қатар карантин кезеңінің басынан бастап қызметін қайта бастай алмаған кәсіпкерлерге эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасының белгілі бір аймағында болуына байланысты біртіндеп немесе толығымен жеңілдіктермен жұмыс істеуге мүмкіндік беріледі. Мобильді қосымшаны қолдану жеңіл. Қоғамдық орынға кіреберісте пайдаланушы арнайы QR-кодты сканерлеп, оны әкімшіге көрсетеді. Код келушінің мәртебесін (статус) анықтайды. Мәртебе ПТР-зерттеулердің бірыңғай интеграциялық порталы және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің COVID-19 бақылау орталығы сияқты ақпараттық жүйелермен салыстыру негізінде беріледі.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?