Нұр-Сұлтанға отандық вакцина келіп түсті

ҚР ДСМ баспасөз қызметі ҚР ДСМ баспасөз қызметі
Халықты вакцинациялау үшін.

Отандық өнімінің "QazVac" вакцинасы 6 мың доза мөлшерінде Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қоймаларына жеткізілді. Жалпы Басқарма қоймаларында ресейлік "Спутник-V" вакцинасымен қоса 55 мыңдай вакцина дозалары бар.

Өткен аптада ғана қазақстандық вакцина QazVac вакцинасының бірінші партиясының жеткізілімі өтті. Енді халықтың сұрауы мен қалауы бойынша қазақстандық өнімін екпе ретінде қолдана аламыз. Дәрігер ретінде және, ең алдымен, Қазақстан Республикасының азаматы ретінде еліміздің вакцина шығаруға қабілетті елдердің қатарында болғаны мен үшін мақтанарлық,- деді Басқарма басшысы Тимур Мұратов.

Екпе алмас бұрын азаматтар қай вакцинаны алғысы келетінін өздері таңдай алатындығын қоса айтты басқарма басшысы. Таңдау ресейлік "Спутник-V" және қазақстандық QazVac вакцинасы арасында. Бүгінде отандық вакцина тапсырыс бойынша емханалар мен сауда ойын-сауық орталықтарына таратылды.

Күніне 6 мың адамға дейін екпе салынады. Бастапқыда тұрғындар вакцинаға сақтықпен қарады. Бірақ вакцина алмау денсаулыққа әлдеқайда қауіпті екенін және тек осылайша өзімізді инфекциядан қорғай аламыз деген кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы азаматтар вакцинацияланғандардың қатарына өз еріктерімен қосыла бастады. Халық арасында қорқу мен сенімсіздік жойылып, өз денсаулығы үшін жауапкершілік арта түсті - , деді Т.Мұратов.

Басқарма басшысы сауда орталықтарында вакцинация пункттерін ашудың оң жақтарын да атап өтті.

Сауда орталықтарында вакцинация аймақтарын ұйымдастыруы айтарлықтай нәтиже беруде. Кейде азаматтар тіркелген емханаларын біле бермейді, көбісі БМСК ұйымдарына бара бермейді. Осылайша, екпе салдырып жүрген сауда орталығына келіп, дәрі-дәрмектің компоненттерін еш қиындықсыз алу өте ыңғайлы. Сондай-ақ, бұл қолайлық ықтиярхаты бар, Қазақстан Республикасының аумағында тұрып, жұмыс істейтін шетелдік азаматтарымызға туындап отыр, - мәлімдеді басшылық.

Бір күннің ішінде ОСО-дың вакцинация аймақтарында 250 адамға дейін екпе егіледі. Бүгін елордада вакцинация пункттері Mega Silk Way, Keruen, Хан Шатыр және Абу-Даби Плаза сауда орталықтарында ашылды.

Еске сала кетейік, халықты вакцинамен кең қамту үшін қала әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасымен вакцинациялау пункттерінің саны 36-дан 100-ге, сондай-ақ медициналық-санитариялық көмек көрсету ұйымдары үшін жұмыс уақыты 8: 00-ден 24: 00-ге дейін, сауда және ойын-сауық орталығында - сағат 10: 00-ден 22: 00-ге дейін ұлғайтылды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз