Маңғыстау облысы. Броконьер дегендері полиция қызметкерлері болып шықты

видеодан алынды видеодан алынды
Заңсыз аң аулауға шыққан тәртіп сақшылары инспекторларды сөзге тартып, жазадан құтылып кетуге әрекеттенген. Алайда табиғи парк өкілдері оған көнбепті.

Маңғыстау облысында арқар атқан аңшылар ұсталды. Қаскөйлер табиғат қорғаушыларын көре сала, тым-тырақай қашқан. Бет-жүзін бүркеген төрт браконьердің екеуі полиция қызметкері болып шықты, деп хабарлайды zakon.kz КТК-ға сілтеме жасап.

Заңсыз аң аулауға шыққан тәртіп сақшылары инспекторларды сөзге тартып, жазадан құтылып кетуге әрекеттенген. Алайда табиғи парк өкілдері оған көнбепті. Қаскөйлер ерекше қорғалатын "Қызылсай" табиғи паркінің аумағында ақ көлікпен ойқастап жүрген. Табиғат қорғаушылары оларды 100 шақырымдай қуып жүріп ұстаған. Браконьерлердің көлігінен төрт аңшы мылтығы мен жабайы аңның еті тәркіленді. Қызыл кітапқа енген түз тағысын атқандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Омар Сәрсенғазиев, "Қызылсай" Мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің директоры:

- Шетпе ауылының төрт азаматы болған. Әрқайсының қолында бір-бірден мылтық болған. Көлікті тексеру, қару-жарақты алу, олжалаған өнімнің хаттамасы толтырылып, Маңғыстау ауданының полиция бөліміне тапсырылды. Ішінде екі полиция қызметкері бар екені белгілі болды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз