Шымкентте уланған шетелдік әйел көз жұмып, екі бала ауруханаға түсті

27 Сәуір 2021, 11:16
Сурет: ikb4.ru

Шымкентте Өзбекстаннан келген бір отбасы белгісіз заттан уланып қалды, деп хабарлайды zakon.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап.

36 жастағы әйел оқиға орнында тіл тартпай кетті. Ауыр халдегі екі бала ауруханаға жеткізілді. Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, олар қалаға пойызбен келіп, хостелден бөлме жалдаған. Таңертең өздерін нашар сезінген.

Шетелдіктер тұрған бөлмеден мамандар нормаларды бұза отырып, орнатылған су жылытқышты тапты. Қайғылы жағдайдың екінші ықтимал себебі тамақтан улану болуы мүмкін. Өйткені қайтыс болғанға дейін әйелдің баклажан жегені белгілі болды. Азық-түлік үлгілері зертханаға жолданып, тексеріліп жатыр.

Өзбекстан Республикасының азаматтары мұнда пойызбен келіп, осы жатақханаға орналасты: 1985 жылғы әйел мен оның 2016 және 2010 жылғы екі баласы. Қазіргі уақытта балалар медициналық мекемеге орналастырылды. Бір баланың жағдайы орташа, екіншісі әлі жансақтау бөлімінде, - деді Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Бахадыр Расулов


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?