Семей полигоны маңындағы радиация деңгейі тексерілді

27 Сәуір 2021, 11:56
Сурет: eurasia.expert

ҚР Ұлттық ядролық орталығы 2021 жылы Семей сынақ полигоны жерлерінің радиоактивті ластануын тексеруді аяқтауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Ұлттық ядролық орталығы 2008 жылы ядролық сынақтардың полигон аумағына және оған жақын жерлерге әсерін зерттеу жұмыстарын жүргізе бастады.

Мамандар судың, ауаның, өсімдіктер мен жануарлар әлемінің жағдайын зерттейді. Зерттеудің кейбір әдістерін ҚР Ұлттық ядролық орталығы әзірлеген. Бүгінгі таңда полигон аумағының 90%-ға жуығы тексерілді.

Қоршаған орта жағдайының мониторингі қоршаған орта мен халықтың қауіпсіздігіне әсер ететін радиациялық жағдайдың теріс өзгерістерін уақытында анықтауға мүмкіндік береді.


Полигон аумағындағы және одан тыс жерлердегі ауа және су ортасын зерттеу үшін арнайы зертханаларда одан әрі талдау үшін сынама алу жүргізілетін мониторинг пункттері құрылды. Қазіргі уақытта 4 ауа ортасын бақылау пункті және 8 су ортасын бақылау пункті бар. Барлығы 22 мониторинг пунктін құру жоспарлануда.

Жүргізілген мониторинг нәтижелері ауадағы радиоактивті элементтердің ең көп мөлшері тікелей ядролық сынақтар жүргізілетін жерден табылғанын көрсетті. Бұл ретте полигонның ластанған учаскелерінен тыс "ұзақ өмір сүретін" радиоактивті элементтер (америй, цезий немесе стронций) табылған жоқ.

Нәтижесінде, мониторинг жалпы полигонда және одан тыс жерлерде ауа және су ортасының ағымдағы радиациялық жай-күйі тұрақты және халық үшін қауіп төндірмейтінін көрсетті. Ядролық сынақтар жүргізілген сынақ алаңдарының радиоактивті ластанған учаскелері бұған жатпайды.

2021 жылы Семей сынақ полигонының жабылуына 30 жыл толады.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?