Астана LRT-дағы ақша жымқыру ісі. Сот тағы кейінге шегерілді
Сот Астана LRT-дағы ақша жымқыру ісі бойынша тергеуді қайта бастау туралы шешім шығарды, деп хабарлайды zakon.kz.
Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметі бұған дейін бүгін, 27 сәуірде, Астана LRT-дағы ақша жымқыру ісі бойынша сот үкімінің жарияланатыны туралы хабарлаған. Алайда судья Қажымұқан Мекемтас сот залына кіріп, тергеу қайта басталып жатқанын мәлімдеді.
Сот кеңесу бөлмесінде қамауға алынған адамдардың мүлкіне қатысты бірқатар мән-жайларда екіұштылық пен күмән туындауына байланысты сот тергеуін қайта бастау туралы шешім қабылдады, - деді Нұр-Сұлтан қалалық мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сот төрағасы.
Судья барлық сотталушыларға олардың мүлкіне қатысты міндетті түрде сұрақтар қоятынын жеткізді.
Бұл факт бойынша сот ісі 2020 жылдың қазан айында басталды. Жеті сотталушы жеңіл рельсті жол салу кезінде 5,7 миллиард теңгені жымқырды деп айыпталуда. Қылмыстық іс 155 томнан және 8 эпизодтан тұрады.
Тағы екі күдікті Интерпол арқылы іздеуде. Олардың есімдері - Талғат Ардан және Қанат Сұлтанбеков. Біріншісі - "Астана LRT" басшысы, екіншісі елорда әкімінің орынбасары болған.