Атырау облысында суға батқан баланың денесі табылды

24.kz 24.kz
Бүгін таңертең сүңгуірлер іздеуді қайта бастады. Суға батқан бала алғашқы сүңгу кезінде-ақ сағат 06 сағат 35 минутта табылды.

Атырау облысында кешеден бері іздестіру жұмыстары жүргізіліп, суға кеткен 9 жасар баланың денесі табылды, деп хабарлайды zakon.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 26 сәуір күні суға батып кеткен 9 жасар баланы іздестіру жұмыстары бүгін таңертең қайта жалғасты.

Қайғылы оқиға Жылыой ауданындағы Құлсары қаласының жанындағы Құрсай каналында болды. Құтқарушылар, туған-туыстар, еріктілер іздестіру жұмыстарын түні бойы жүргізді. Бүгін таңертең сүңгуірлер іздеуді қайта бастады. Суға батқан бала алғашқы сүңгу кезінде-ақ сағат 06 сағат 35 минутта табылды. Денесі сараптама жүргізу үшін құқыққорғау органдарының қызметкерлеріне берілді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз