Бір депутат "Ashyq" қосымшасын сынап, оның жарамсыз екенін дәлелдеді

28 Сәуір 2021, 12:53
Сурет: inform.kz

Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева "Ashyq" қосымшасын сынға алды. Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинге жолдаған депутаттық сауалында ол қосымшаның әлі де мұқият пысықтауды қажет ететіндігін атап өтті, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

"Ashyq" қосымшасының екі айлық пилоттық сынағының нәтижелері министрліктің хабарлағанындай көрсеткіше ие болмады, ерінбеген адамның барлығы оны сынады. Пайдаланушылардың өзі оның жұмысына қатысты 3 мыңға жуық сыни пікірлер мен шағымдар қалдырды. Олардың көпшілігі цифрлық өнімді енгізбес бұрын, оны әзірлеушілердің назарын аудару керек болатын көптеген жайтты жайып салды, - деді депутат.

Оның айтуынша, тағы бір мәселе, қазақстандықтарды өзінің жеке деректері - телефон нөмірлері мен ЖСН-нің қосымшада пайдалануы алаңдаушылық туғызады.

Болашақта жеке деректерді қандай мақсатта пайдалануға болатындығы белгісіз. Мысалы, қосымша ертең керек болмай қалған күні онда жинақталған деректерге не болады. Қосымшаның қауіпсіздігіне күмән бар. Цифрлық министрліктің хабарлауынша, ол тиісті ақпараттық қауіпсіздік тексерісінен әлі өткен жоқ, деп қосты Имашева.

Ол бағдарламаны жүктеп алған қолданушылар тіркелу және кіру кезінде қиындықтарға тап болатынын атап өтті. Сонымен қатар, қосымшада іс жүзінде пайдалы ақпарат жоқ, тек "кіруді тіркеу" және "шығуды тіркеу" деген құр екі сілтеме бар. Қосымшаға қолжетімді объектілер тізімі жоқ. Мекемеге келмес бұрын сіздің мәртебеңізді тексерудің де мүмкіндігі жоқ. Техникалық қолдау қызметімен байланысу сілтемесі де көрсетілмеген.

Бірақ ең бастысы - қосымша адамның мәртебесін нақты көрсетпейді. Мысалы, ПТР -тестілеуінің теріс шыққан қолданушылар қосымшада көкпен көрсетіледі, ал олар, негізінде "жасылмен" белгіленуі керек емес пе? Бұл қосымшадағы мәліметтер қорының дұрыс еместігін немесе уақтылы жаңартылмағанын көрсетеді. Мұндай қателіктер қосымшаны ары қарай пайдаланудың мағынасын жоққа шығарады. Сондай-ақ, шынымен де науқастанғандар мекемеге келуі мүмкін, оның мәртебесі қосымшада анықталмайды, өйткені ол ешқашан ПТР-тест тапсырмаған, тіпті симптомсыз адамдар "көк" түспен белгіленеді, - деп түсіндірді Снежанна Имашева.

Депутат бүгінгі күнге дейін цифрлық өнімнің иес әлі анықталмағанын және оған жауап беретін тұлға белгісіз екенін қоса атап өтті. Бұл азаматтардың сандық инновацияларға деген сенімсіздігін туғызады.

Құрметті министр, бүкіл елге "Ashyq" қосымшасын пайдалануды ұсынбас бұрын, біз оны пайдаланушылардың ескертулерін ескере отырып, алдымен оны жақсартып алу керек еді, ең бастысы, пайдаланушымен кері байланыс орнату тетігін енгізу қажет еді деп санаймыз. Пайдаланушылар енгізген жеке деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың рұқсатсыз қолданылуына жауапты тұлғаларды анықтауды да сұраймыз. Цифрлық өнімге меншік құқығының шарттарын, тәртібін белгілеңіз және оны одан әрі пайдалану үшін қаржыландыру көздерін анықтаңыз, - деді ол.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?