Елбасы ҚХА-ның да тізгінін Тоқаевқа өткізіп берді

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.04.2021 22:57 Ақорда
Өздеріңіз білетіндей, менің ҚХА-ны өмір бойына басқаруға құқығым бар - Елбасы.

Елбасы ҚХА-ны басқару өкілеттігін Қазақстанның қазіргі президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа өткізіп берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Баршаңызға белгілі, 2019 жылы 19 наурызда сағат 19-00-де Қазақстан халқы алдында өзімнің президенттік өкілеттігімді тоқтататынымды жарияладым. Осы да жетер, басшылықты ауыстыратын кез келді дедім. Сондықтан биліктің сабақтастығы туралы мәселе 2019 жылы шешілді. Бұл қадамның дұрыстығын өмірдің өзі растады, - деді Назарбаев.

Бүгіндері бұл таңдаудың дұрыс екендігі нақтыланды.

Мен әрі қарай да жылжығым келеді, мен үшін бұл маңызды қадам. Мен Ассамблеяның бастауында тұрдым. Барлық Ассамблея мүшелеріне қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтамын. Бұл маңызды болды. Бірақ, өздеріңіз білетіндей, менің ҚХА-ны өмір бойына басқаруға құқығым бар. Мен әрдайым сіздермен боламын әрі сіздерден бас тартпаймын. Бірақ бірқатар өкілеттіктер ел Президентіне жүктелген. Яғни, барлық мәселе бір қолда болуы керек. Мен ҚХА-ны басқару құқығымды Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа беру туралы шешім қабылдадым, - деді ол.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: