Түркістан облысында аса қауіпті қылмыскерлер өз-өздеріне дене жарақатын салды

29 Сәуір 2021, 11:49
Сурет: pexels.com

Адам өлтіру, тонау және есірткі сатумен айналысқаны үшін сотталған алты адам наразылық белгісі ретінде өз-өздерін кескіледі, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР Ішкі істер министрлігінің ҚАЖД-дың ресми Telegram каналы оқыс оқиғаның Түркістан облысындағы колонияда болғанын атап өтті.

Қамауда ұстаудың қатаң жағдайында жазасын өтеп жатқан бірқатар сотталушылар қылмыстық жүйенің заңды талаптарына қарсы шығып, наразылық белгісі ретінде өздеріне қасақана денеге жарақаттарын келтіріп, балағат сөздер айтты. Оларға дереу колония қызметкерлері медициналық көмек көрсетті. Олардың қазір денсаулығы қанағаттанарлық деңгейде, ауруханаға жатқызуды қажет етпейді, - деп түсіндірді Түркістан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Әбдіранбаев Талғат.

Сонымен бірге ол мекемедегі сотталушылар жағымсыз мінезімен, мекеме әкімшілігінің заңды әрекеттеріне теріс қарайтындығымен және түзеу жолына түскісі келмейтіндігімен көзге түскенін атап өтті.

Хабарламада айтылғандай, бұл бастамаға ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі, 1.3-тармағы (Есірткі заттарды заңсыз сақтау, дайындау және сату) бойынша 10 жылға бас бостандығынан айырылған 28 жастағы сотталушы бас болған.

Бұл факт тіркеліп, қызметтік тергеу жүріп жатыр.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?