Жаңалықтар тізбегі
0

1 мамырдан бастап "Ashyq" тұтынушының вакцина төлқұжатын да көрсете алады

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.04.2021 17:50 zakon.kz
Вакцинация төлқұжатымен бірге жылу карталары енгізілуде - бұл телекоммуникация деректері негізінде пандемия кезіндегі қаланың белсенділігін талдау жүйесі.

1 шілдеден бастап вакцинация төлқұжаты кіріктіріледі, деп хабарлайды zakon.kz.

Вакцинация төлқұжатында мынандай мәліметтер қамтылады: адам қандай дәрі-дәрмектерді, қандай дозада, қай күндерде қабылдады, көрсетуге сұралған жері және QR кодын қолдану арқылы оны көрсету қолжетімді болады.

Қазіргі уақытта вакцинация төлқұжатын интеграциялау үшін IATA Халықаралық әуе көлігі қауымдастығымен ынтымақтастық мәселесі қарастырылуда. Вакцинация төлқұжатын "Ashyq" қосымшасымен интеграциялау 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап жүзеге асырылады, - деді Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой халықпен есеп беру кездесуінде.

Вакцинация төлқұжатымен бірге жылу карталары енгізілуде - бұл телекоммуникация деректері негізінде пандемия кезіндегі қаланың белсенділігін талдау жүйесі.

Жылу карталары тұрғындардың белсенділігі мен адамдардың көп шоғырланған жерлерін, 103, 1406, 1308, 102-ге келіп түскен қоңыраулар арқылы адам шоғыры орындарын және елді-мекеннің көші-қон ағындарын анықтауға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта Алматы қаласында жылу карталарын пайдалану бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылуда.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: