Жаңалықтар тізбегі
0

Нотариус, адвокат пен сот орындаушылары 5 мамырға дейін ЖТС төлеуі керек

alau.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.05.2021 18:45 alau.kz
Сәуір айында алынған кірістерге салық 5 мамырға дейін төленуі керек.

Нотариус, адвокат, жеке сот орындаушылары, медиаторлар сияқты жеке практика мамандары жеке табыс салығын 5 мамырға дейін төлеуі керек. Бұл туралы Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ескертеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Мұндай тұлғалардың кәсіптік қызметті жүзеге асырудан алған табыстары салық салуға жатады. ҚР Салық кодексінің 336 және 365-баптарына сәйкес, жеке практиктердің салық салынатын кірістеріне мыналар жатады:

  • атқарушылық құжаттарды орындау қызметінен түскен табыс;
  • заң көмегін көрсеткені үшін төлем ретінде алынған табыс;
  • нотариаттық іс-әрекеттер жасағаны үшін алынған төлемдер;
  • қорғау мен өкіл болумен байланысты шығыстарды өтеу ретіндегі төлемдер

Жеке практиктердің өз кірістерінен төлеуі тиіс негізгі салығы – ЖТС. ҚР Салық кодексінің 365-бабы 2-тармағына сәйкес, бір ай ішінде алынған барлық кірістер айдың аяғында қорытындыланып, оларға 10% мөлшерінде белгіленген ЖТС ставкасы қолданылуы керек.

Жеке практиктердің кірістерінен ЖТС төлеу мерзімі – табыс алынған айдан кейінгі айдың 5-іне дейін. Яғни, сәуір айында алынған кірістерге салық 5 мамырға дейін төленуі керек.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: