ШҚО-да ардагер әжейге қатысты шу туды. Облыс әкімінің ақталуына тура келді

4 Мамыр 2021, 16:56
Сурет: әлеуметтік желіден алынды

Шығыс Қазақстан облысында Жеңіс күні қарсаңында ыңғайсыз оқиға орын алды. Ұлы Отан соғысы ардагерінің немересі әлеуметтік желіде жазба жариялап, облыстық әкімдік қызметкерлерінің масқара қылығын әшкереледі, деп хабарлайды zakon.kz.

Соғыс ардагері - әжейді облыстық әкімдік 9 мамыр - Жеңіс күні құрметіне ресми құттықтаушылар тізімінен алып тастаған, оның себебін сұраған немересіне: "Кәрі әрі темекі шегеді" деп жауап берген олар.

Жақында маған Өскемендегі облыстық әкімшіліктен хабарласып, әжемді 9 мамырмен құттықтағысы келетіндерін айтты. Жеңіс күні облыс әкімі Даниал Ахметов келіп, ол кісіні құттықтағысы келеді екен, өйткені ол Ұлы Отан соғысының медалімен марапатталған және ҰОС ардагеріне теңестірілген және оның туған жеріне көптеген еңбегі сіңген әрі 100 жаста деп түсіндірді. [...] (...) Бүгін мен облыстық әкімдікке ардагерлер кеңесіне қоңырау шалып, олардың келетін-келмейтінін білмек болдым, өйткені әжеміз дайындалып жатыр, бірақ маған берілген жауаптан есімнен танып қала жаздадым. Сөйтсем әжемді құттықтайтындардың тізімінен шығарып тастапты, өйткені ол кәрі әрі темекі шегеді екен. Міне, солай, - деп жазды ҰОС ардагерінің немересі.

Бұл жазба желі қолданушыларының басым көпшілігінің ашуын туғызды. Көп ұзамай осы жайтқа байланысты облыс әкімі желідегі парақшасында жазба жариялады.

"Құрметті жерлестер! Облыстың ардагерлер кеңесі қызметкерлерінің жұмысынан кемшілік кетіп отыр. 7 мамырда мен міндетті түрде жерлесіміз, тыл еңбеккері Хауа Бұланбаеваны Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтаймын. Мен оның немересі Манаппен телефон арқылы сөйлестім, біз кездесуіміздің барлық егжей-тегжейлері туралы келістік. Айта кетейін, ардагерлерімізді қорғау үшін маған ПТР-тестілеуден өту керек. Пандемия басталғаннан бері қарттарымыз вирусты жұқтыру ықтималдығы жоғары топқа жатады, сондықтан біз олардың өміріне қауіп төндіре алмаймыз. Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің Жеңіске қосқан үлесі баға жетпес. Жыл сайын 9 мамыр мерекесі қарсаңында мен жерлес ардагерлерімізді үлкен құрметпен құттықтаймын. Өз тарапымнан Ардагерлер кеңесінің жұмысына болашақта мұндай қателіктер қайталанбауы үшін қажетті түзетулер енгізілетінін атап өткім келеді", делінген әкімнің Facebook-тегі жазбасында.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?