Заң сондай, премиямыз заңды – Денсаулық сақтау министрлігі шыр ете қалды
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі депутат Перуашевтің БАҚ-та жарияланған өтініші бойынша ақпарат берді, деп хабарлайды zakon.kz.
Хабарламада былай делінеді:
Бірқатар БАҚ-та Парламент Мәжілісінің жалпы отырысынан ақпарат жарияланды: "Перуашев: Денсаулық сақтау министрлігінің шенеуніктері өздеріне 15 миллион сыйақы алып жатыр".
Осыған қатысты министрлік мынаны мәлімдейді: сыйлықақы төлемдері қатаң түрде қолданыстағы заңнаманың, атап айтқанда "Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық айлық ақыларына үстемеақылар белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 қаулысының талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Осыған байланысты, 15 млн теңге мөлшерінде төленген сыйлықақыларға қатысты ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін атап өтеміз. Парламент Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев айтқан фактінің Денсаулық сақтау министрлігіне ешқандай қатысы жоқ, делінеді хабарламада.