Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда жезөкшелерді сабап, тонайтын екі ер адам ұсталды

Polisia.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.05.2021 19:00 Polisia.kz
Ер адамдар жарнама арқылы үйінде адам қабылдайтын жезөкше қыздарға телефон соғып, кездесуге келгенде тонап отырған.

Алматыда екі ер адам жеңіл жүрісті қыздарды тонаған, деп хабарлайды zakon.kz.

Ер адамдар жарнама арқылы үйінде адам қабылдайтын жезөкше қыздарға телефон соғып, кездесуге келгенде тонап отырған.

Күдіктілер қыздарды ұрып, қорқытып, ақша, телефон, зергерлік бұйымдарды алып кеткен. Мүмкін базбұзарлар қыздар полицияға арызданудан қорқатындығына сенімді болса керек. Жедел қызметкерлер бірнеше күннің ішінде күдіктілерді анықтап, оларды ұстады. Екеуі де синтетикалық есірткіні тұрақты қолданушылар болып табылады. Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты қала ішінде жасалған бес қылмыстық эпизод бар. Ұсталғандардың екеуі де уақытша ұстау изольяторына тоғытылды, - деді Бостандық аудандық полиция бөлімінің бастығы Думан Аухадиев.

Жәбірленушілер көбірек болуы мүмкін, сондықтан осы адамдардың қылмыстық іс-әрекеттерінен зардап шеккен азаматтардан келесі телефондарға хабарласуларыңызды сұраймыз: 254-47-01; 254-47-02 және 254-47-03.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: