Жаңалықтар тізбегі
0

Жерді қайтар! Қызылорда облысында диқандар бас көтерді

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.05.2021 18:35 видеодан кадр
Күрек пен кетпен ұстағандар облыс әкімдігіне жиналды.

Қызылорда облысына қарасты Мырзабай ахун ауылының диқандары аймақ басшысы Гүлшара Әбдіхалықоваға арыз-шағымдарын жеткізуге келді. Егін егіп нәпақаларын тауып отырған ауыл тұрғындары бір жылдан бері Үкіметтен 49 жылға жалға берілген жерлерін құрылтайшылардан қайтара алмай отыр екен. Аудан төңірегінде мәселе шешілмеген соң облыс орталығына келуден басқа амал қалмады дейді диқандар.

Бұл туралы "Еуразия" бірнші арнасы хабарлайды.

Жалағаш ауданына қарасты Мырзабай ахун ауылының диқандарынан береке қашқанына 9 айдың жүзі болыпты. Олар осы уақыттан бері өздеріне тиесілі егістік жерлерін қайтара алмай жүр. Ауылда егін егуге арналған 169 гектар жерді 67 құрылтайшы бөліп алып, күріш егеді екен. Мырзабайлықтар болса жерден еш пайда көрмей отырмыз дейді. Тек егін орылып, жиналған соң адам басына 7 келі күріш тиесілі екен.

Айгүл Темірбаева, Мырзабай ахун ауылының тұрғыны:

Дивиденд 25 келі ұн, а 25 келі күріш аламыз. Басқа ешнәрсе жоқ. Көмірді сатып аламыз, престі сатып аламыз, айлығымызға сатып аламыз. Еще 200-300 тг сатып аламыз. Бізге басқа ешнәрсе жоқ.

Диқандардың айтуынша, ауылда бір адамның үстемдігі жүріп жатыр екен. Облыстық маслихаттың депутатының ықпалымен әлі күнге дейін жер қайтарылмай жатса керек.

Сағынтай Әбілдаев, Мырзабай ахун ауылының тұрғыны:

Бұған барлығына ықпал жасап жатқан Шағыртаев Имамзада- Қызылорда облыстық мәслихаттың депутаты! Бізде егінші ауыл ғой, соның ген.директоры - өзінің туған келіні, зам. директор - туған баласы, төрағасы - бажасы, жақын бажасы Жалғасов Шағдат деген. Сосын ауыл әкімі - туған балдызы. Енді осы барлығы сыбайлас жемқорлық емес пе?

Жанайқайларын айтуға келген шаруалар карантин талаптарына байланысты ішке кіре алмады. Ал облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы бұл мәселені тек сот шешеді деп отыр.

Сұлтан Мақашев, Қызылорда облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы:

Соттың шешімін күтейік деп тұрғаным оны қазір барып төрағаны иә прокурор, иә басқа, иә әкімдік барып мынаны өткізесіңдер деп жүктей алмайды. Оны тек сіз сотқа жүгіндіңіз ба сот ғана жүктей алады. Міне өткізесің, міндетті түрде жиналысынды жасайсың, мына күні шақырасың деп. Бір-ақ нәрсе кедергі. Егер егін басталып кетіп, сіздер айтып отырған жерлерге егін салып қойылған болса оны соттың өзі де жүктей алмайтын шығар.

Осылайша диқандар биыл мүлдем егін жерлеріне қол жеткізе алмауы да мүмкін. Егін егіп, нәпақаларын тауып отырған жандар облыс әкімі бұл мәселені тез арада шешпесе елордаға барудан басқа амал жоқ дейді.

Шоқан Сағынтайұлы, Мырзабай ахун ауылының тұрғыны:

Бұдан болмаса астанаға барамыз самолетпен. Самолетке билет бар ғой, құдайға шүкір. Болмаса жермен бара саламыз. Ақорданың алдына барамыз, басқа көмек сұрайтын жер жоқ уже.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: