Алматы қаласы әкімінің орынбасары жаңадан тағайындалды

11 Мамыр 2021, 09:58
Сурет: ПМ

Алматы қаласы әкімінің орынбасары жаңадан тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл лауазымды қызметке Серік Құсайынов келді.

Бұған дейін ол Алматы қаласы Алмалы ауданының әкімі болған еді.

Құсайынов Серік Досымханұлы 1964 жылы туған.

Қазақ ауылшаруашылық институтын (қазіргі ҚазҰАУ) бітірген, мамандығы - инженер-электрик.

Қызметінің әртүрлі кезеңінде ол Алматы монтаждау басқармасының шебері, осы басқарманың өндірісті дайындау бөлімінің инженері, Almaty Power Consolidated компаниясының бас инженері, АПК ГЭРС басқарушы директоры, Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы, Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы болып жұмыс істеді.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?