Жаңалықтар тізбегі
0

ШҚО-дағы өрт кезінде екі ер адам оңбай күйіп қалды

tvtomsk.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.05.2021 18:57 tvtomsk.ru
Олардың бірінің денесінің 88% және екіншісінікін 80% күйік шалған.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли Шығыс Қазақстан облысында өрттен зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

1949 және 1980 жылғы екі ер адам ауруханаға жеткізілді. Олардың жағдайы ауыр деп бағаланады. Олардың бірінің денесінің 88% және екіншісінікін 80% күйік шалған, - деді Талғат Уәли журналистерге.

Сондай-ақ өрт орнынан өртеніп кеткен 1948 жылғы әйелдің мәйіті табылды.

Риддер қаласының маңында құрғақ шөптің өртенгені туралы 10 мамырда сағат 13:30-да хабарланды. Бір минуттан соң оқиға орнына СПЧ-1 кезекші бригадасы жіберілді.

16: 08-де орман шаруашылығы мекемесінен Лесхоз ауылында орман шаруашылығы аумағындағы Сосновый Бор және Лихачев көшелері бойындағы тұрғын үйлер өртеніп жатқаны хабар түсті. Барлығы бес көше өртке оранды, 37 тұрғын үй, оның ішінде тоғыз қосалқы ғимарат өртенді.

Өртенген үйлерде 83 адам, оның ішінде 10 бала тұрған. Қазір осы зардап шеккен тұрғындардың 13-і жатақханаға, қалған 68 адам туыстарының үйіне орналастырылды, - деді Уәли.

Материалдық шығынды анықтау мақсатында зардап шеккен тұрғын үйлерді тексеру бойынша қала әкімдігі комиссиясының жұмысы ұйымдастырылды.

Егер Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі Төтенше жағдайлар министрлігіне келтірілген залалды өтеу туралы ұсыныспен жүгінсе, онда ТЖМ басшылығы республикалық бюджеттен қаражат бөлуді қарастыруға дайын, - деді ТЖМ-ның ресми өкілі.

Өртті сөндіруге ТЖД, полиция және жергілікті атқарушы органдардан барлығы 500-ге жуық адам жұмылдырылды. Шамамен 70 техника мен екі тікұшақ жұмыс істеді. Өрт алған алаң, алдын ала есеп бойынша, 283 гектарды құрайды. Бұған дейін осы оқиғаға қатысты бір күдіктінің ұсталғаны белгілі болды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: