Алматы ботаникалық бағы маңызды хабарландыру жасады

Алматы ботаникалық бағы маңызды хабарландыру жасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.05.2024 12:54 Сурет: Zakon.kz
2024 жылғы 3 мамырда Алматының Бас ботаникалық бағының Instagram парақшасында маңызды хабарлама жарияланды. Мамандар қала тұрғындары мен қонақтарына бақшаны бір күнге жабу туралы ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Хабарламада айтылғандай, 6 мамырда ботаникалық бақ жабылады.

"Аумақ жоспарлы түрде санитарлық тазартудан өтеді."Алматы ботаникалық бағы баспасөз қызметі

Басқа күндері жұмыс кестесі өзгеріссіз қалатынын да атап өтті.

"Ботаникалық бақ күн сайын сағат 09:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс жасайды. Кассалар 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Кассадағы техникалық үзіліс: 15:00-15:30. Егер айдың бірінші дүйсенбісі мереке күніне сәйкес келсе, онда санитарлық күн кейінге қалдырылуы мүмкін",- деп толықтырды бақ баспасөз қызметі.

Бұған дейін, Алматыдағы Ботаникалық бақ қызметкерлері қай гүлді жұлса миллиондаған айыппұл салынатынын айтқан болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: