Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыдағы Ботаникалық бақ қызметкерлері қай гүлді жұлса миллиондаған айыппұл салынатынын айтты

Алматыдағы Ботаникалық бақта гүлді жұлып миллиондаған айыппұл төлеуіңіз мүмкін, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.04.2024 13:46 Сурет: pixabay
Алматыдағы ботаникалық бақтың мамандары қызғалдақтардың көне түрлері туралы айтып берді. Олардың айтуынша, қызғалдақтардың патшасы Грейг қызғалдағы деп аталады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бақтың Instagram парақшасындағы мәліметінше, Грейг қызғалдағы қазіргі заманғы 300 сорттың бастаушысы болып табылады, сонымен қатар қазақстандық қызғалдақтардың ең танымал және керемет түрлерінің бірі болып саналады.

Грейг қызғалдағы (лат. Tulipa greigii Regel) — лалагүлділер (Liliaceae) тұқымдасының қызғалдақ (Tuқlipa) тұқымдасының бір түрі. Э.Л. Регельмен сипатаған, Қаратау тауларынан шыққан және Ресей бау-бақша қоғамының президенті Самуил Грейгтің есімімен аталған.

"Грейг қызғалдағы биік сабағымен (10-12 см), қызыл дақтары бар кең көкшіл жапырақтармен және диаметрі 15 сантиметрге жететін үлкен тостаған гүлімен сипатталады. Бояу - көбінесе қызыл, кейде қызғылт сары, ашық сары, ашық крем."Алматы Ботаникалық бағының баспасөз қызметі


Сондай-ақ, Грейг қызғалдағын жабайы табиғатта тек Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарында кездестіруге болатындығы атап өтілді.

Гүл Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

ҚР заңнамасына сәйкес сирек кездесетін өсімдік түрлерімен нашар қарым – қатынас жасағаны үшін 3 мың айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынуы мүмкін (1 АЕК-3692 теңге, яғни бұл 11 млн теңгеден астам).

Бұған дейін Түркістан облысы Ордабасы ауданының 22 жастағы тұрғыны Қызыл кітапқа енген қызғалдақтардың букетін жұлып алғаны хабарланған болатын. Енді оған 11 млн теңге көлемінде айыппұл салынады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: