Алматылықтарға Ботаникалық бақтың уақытша жабылатыны туралы ескерту жасалды

Ботанический сад в Алматы, Алматинский ботанический сад, Алматы, весна в Алматы, город Алматы, ботсад, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.05.2026 10:18 Фото: Zakon.kz
Алматыдағы Бас ботаникалық бақтың әкімшілігі қала тұрғындары мен қонақтарына маңызды хабарлама жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарияланған ақпаратқа сәйкес, 2026 жылғы 2 маусым күні ботаникалық бақ аумағында жоспарлы санитарлық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты келушілер үшін жабық болады.

Қалған күндері Бас ботаникалық бақ бұрынғы жұмыс кестесі бойынша қызмет көрсетеді: күн сайын сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Кассаның техникалық үзілісі – 15:00-15:30 аралығы.

Сонымен қатар, техникалық себептерге байланысты немесе айдың алғашқы дүйсенбісі мереке күніне сәйкес келген жағдайда санитарлық күннің ауыстырылуы мүмкін екені айтылды.

Еске салайық, бұған дейін 25 мамырда Алматының Ботаникалық бағында ең әсем гүлдердің гүлдей бастағаны хабарланған болатын. Осыған байланысты әкімшілік өсімдіктерді ұқыпсыз келушілерден қорғау үшін ережелерді күшейткен еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: