Жаңалықтар тізбегі
0

Марат Сұлтанғазиев ҚР қаржы вице-министрі болып тағайындалды

primeminister.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.05.2021 15:05 primeminister.kz
Қанат Баеділов қаржы вице-министрі лауазымынан босатылды.

ҚР Үкіметінің қаулысымен Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев Қазақстан Республикасының қаржы вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Марат Сұлтанғазиев 1976 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, Қазақ мемлекеттік заң академиясын, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін тәмамдаған. Мамандығы бойынша – экономист-қаржыгер, заңгер, іскерлік әкімшілендіру магистрі.

Еңбек жолын 1997 жылы Салық бөлімінің заңды тұлғаларды тексеру бөлімінің бірінші санатты маманы болып бастаған.

1998-2001 жылдары Алматы қаласы бойынша Салық комитетінің салық инспекторы, аға салық инспекторы, жетекші салық инспекторы, бас маман – бас салық инспекторының м. а. болып жұмыс істеген.

2001-2010 жылдары Алматы қаласы бойынша Салық комитетінде жұмысын жалғастырған, Алматы қаласы бойынша Салық департаменті басшысының орынбасары болып жұмыс істеген.

2010-2012 жылдары ҚР Қаржы министрлігінде басшылық қызметтерді атқарған.

2012-2014 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің сектор меңгерушісі.

2014-2017 жылдары – ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы.

2017 жылғы маусымнан 2018 жылғы қазанға дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік–экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды.

2018 жылғы қазаннан бастап қазірге дейін ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді.

ҚР Үкіметінің қаулысымен Қанат Ескендірұлы Баеділов басқа жұмысқа ауысуына байланысты қаржы вице-министрі қызметінен босатылды.

Қанат Баеділов 1967 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

Алматы халық шаруашылығы институтын, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.

Еңбек жолын 1991 жылы Алматы облыстық қаржы басқармасының Алматы облысы бойынша Бақылау-тексеру басқармасының аға бақылаушы-ревизоры болып бастаған. Әр жылдары ҚР Қаржы министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінде басшылық қызметтер атқарған. 2017 жылғы мамырдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР қаржы вице-министрі қызметін атқарды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.05.2021 15:05

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: