Тілеуберді Қытай және Қырғызстандағы әріптестерімен екіжақты кездесу өткізді

13 Мамыр 2021, 09:26
Сурет: ҚР СІМ

"Орталық Азия – Қытай" форматындағы сыртқы істер министрлерінің ІІ-ші отырысы шеңберінде ҚР Премьер-министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді ҚХР Мемлекеттік кеңес мүшесі, Сыртқы істер министрі Ван И және Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Руслан Казакбаевпен жеке-дара келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, келіссөздер барысында ҚР және ҚХР СІМ басшылары саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері талқыланды.

Министрлер халықаралық өзекті мәселелер бойынша "сағаттарды теңестірді". Жоғары және аса жоғары деңгейдегі байланыстарды жандандыру қажеттілігі, сондай-ақ парламентаралық байланыстарды дамытудың маңыздылығы атап өтілді.

"Біздің елдеріміз пандемия кезінде жоғары сенім деңгейіне толық адалдығын көрсетті. Өзара қолдау қиын сәттерде екі ел арасындағы шынайы достық қарым-қатынастың үлгісі болды", - деп атап өтті Тілеуберді.

Қазақстан СІМ басшысы өзінің әріптесін ҚР Үкіметінің COVID-19 пандемиясымен күрестегі шаралары және отандық QazVac вакцинасын қолданудың басталуы туралы хабардар етті. Қазақстан Қытайдың коронавирустық індетке қарсы күрестегі маңызды шараларын жоғары бағалады.

ҚХР Сыртқы істер министрі Ван И Қазақстанмен екіжақты қарым-қатынастар Қытай дипломатиясындағы басымдықтардың бірі екенін атап өтті. Қытай Қазақстанмен барлық салада екіжақты ынтымақтастықты ілгерілету мәселелері бойынша жұмыс істеуге дайын екенін баса айтты.

Министр Казакбаевпен екіжақты кездесу барысында тараптар саяси және экономикалық ынтымақтастық мәселелерін, оның ішінде екіжақты тауар айналымын ұлғайту, өзара инвестицияларды қорғау және су-энергетика саласындағы ынтымақтастық жолдарын талқылады. Орталық Азиядағы ахуал, халықаралық және интеграциялық бірлестіктер шеңберіндегі өзара іс-қимыл туралы жан-жақты пікір алмасылды.

Тілеуберді елдер арасындағы сенімді қатынастар алдағы уақытта да біздің мемлекеттеріміздің стратегиялық әріптестігін одан әрі тереңдету, барлық салаларда сындарлы диалогты өсіру үшін берік негіз болатынын атап өтті.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?