Жаңалықтар тізбегі
0

Назарбаев: Ораза айт – сан ғасырлық қастерлі дәстүрлердің символы

24.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.05.2021 15:31 24.kz
Ораза айт – бейбітшілік пен бірлікке үндейтін исламның сан ғасырлық қастерлі дәстүрлерінің символы.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды zakon.kz.

Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтауы Елбасы сайтында жарияланды.

Құрметті отандастар!

Сіздерді Ораза айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Ұлық мереке әрбір шаңыраққа шаттық, жақсылық пен молшылық әкелсін.

Ораза айт – бейбітшілік пен бірлікке үндейтін исламның сан ғасырлық қастерлі дәстүрлерінің символы.

Мейірімділік, рухани тазару, ізгі істер жасау – барлық ұлт пен дін өкілдеріне тән қасиет. Қазақстан халқын осы құндылықтар ұйыстырады. Сондықтан да Ораза айт шын мәнісінде барша қазақстандықтарды біріктіретін мереке болып саналады.

Өзара сыйластық пен келісімге негізделген осы игі дәстүрлерді барынша нығайта беруге шақырамын.

Ораза Айт мейрамында баршаңызға зор денсаулық пен бақ-береке тілеймін!

Айт қабыл болсын!

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: