Жүктілікке, босануға байланысты әлеуметтік төлемдер проактивті түрде тағайындалады

13 Мамыр 2021, 11:05
Сурет: zakon.kz

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Электрондық еңбек биржасы порталында жүктілікке және босануға байланысты табыстан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді проактивті форматта тағайындауға мүмкіндік беретін жаңа функционалды іске қосылды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Осы жылдың мамыр айынан бастап Электронды еңбек биржасында Қазақстанның жұмыс берушілері үшін жүктілікке және босануға байланысты әлеуметтік демалыстарды Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде тіркеу мүмкіндігі берілді. Осының арқасында демалысқа шыққан қызметкерлерге тиісті әлеуметтік төлемді тағайындауды өтініш берушінің қатысуынсыз проактивті форматта жүзеге асыруға болады. Бұл көрсетілетін қызметті алушыларға осы төлемді алуға өтініш беру үшін халыққа қызмет көрсету орталығына жеке бармауға мүмкіндік береді", делінген министрлік хабарламасында.

Жүктілікке және босануға байланысты әлеуметтік демалысқа шыққан жұмыскерге төлемді проактивті түрде тағайындау үшін жұмыс беруші жұмыскердің шығу фактісін ЭЕБ порталындағы жеке кабинетте тіркеуі қажет.

Деректер Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне жіберіледі, одан сұрау салу бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындау үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-ға берілетін болады.

Бұл ретте, көрсетілетін қызметті алушыға SMS-хабарлама арқылы проактивті форматта әлеуметтік төлем тағайындауға келісімін алу бойынша сұрау түседі, оған үш күн ішінде жауап беру қажет болады.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?