Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбеде суға кеткен бүлдіршіндер туралы толық мәлімет

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.05.2021 18:07 видеодан кадр
Қайғылы жағдай Ақтөбенің іргесіндегі Бекқұл баба ауылында болған.

"Мама, сенің қасыңда жүрейінші...". Ақтөбеде суға кетіп, қыршыннан қиылған бүлдіршін жұмысқа кетерде анасынан осылай деп өтінген екен. Бала жүрегі бір сұмдықты сезгендей болған. Бес жасар ұл ағайынының алты жасар баласымен ойнауға кеткен. Алайда, екеуінің мүрдесін құтқарушылар ауыл шетіндегі өзеннен алып шықты, деп хабарлайды zakon.kz "Еуразия" бірінші арнасына сілтеме жасап.

Әминаның кеше ғана көз алдында жүгіріп жүрген кенжесінен көз жазып қалғанына сенгісі жоқ. 5 жасар ұлы ауыл шетінде тұратын әпкесінің үй жағына ойнауға кетіпті. Ауладан шығарда жұмысқа бара жатқан анасын жібергісі келмей, қайта-қайта құшақтап, бетінен сүйген.

Әмина, марқұм баланың анасы:

Кетіп бара жатқанда менің бетімнен сүйіп-сүйіп, мама, мен барғым келмей тұр деп кетіп еді, білген ғой-білген. Барғым келмей тұр, маматай, сенің қасыңда жүрейін. Қой, директор ұрысады, бар-бар дегенмін ғой. Сондағы кеткені ғой мені қайта-қайта сүйіп.

Қайғылы жағдай Ақтөбенің іргесіндегі Бекқұл баба ауылында болған. Елдімекен іргесінде Жаман Қарғалы өзені ағып жатыр. Бала біткен күн жылынып жаз шықса, осы маңды бетке алады. Әрі балалардың бірі өзен маңындағы үйде тұрыпты. Далаға шығып, артына ізім-ғайып жоғалып кеткен балаларды ауыл-аймақ түгел іздейді. Таппайды.

Ойнап жүрген балаларды соңғы рет осы маңнан көргендер бар. Ал ата-аналары кешкі сағат тоғыздар шамасында олардың үйге оралмағанын айтып, дабыл қағады. Ауылдың тұрғындары бар, еріктілер – барлығы іздеген. Сағат түнгі он екілер шамасында балалардың мүрдесін тапқан. Құтқарушылардың айтуынша, екеуі де жүзу білмеген. Ал киімдерін жағаға шешіп кеткен. Бес жастағы баланың мүрдесін жағаға жақын жерден алып шыққан, Ал екінші баланың мүрдесін 7 метр тереңдіктен алып шығыпты.

Ауылдастары қаза болғандар - ағалы-қарындасты ағайын адамның балалары екенін айтты. 6 жасар бала биыл ғана бірінші сыныпқа барған. Таңертең сабақта болып, 12-де үйіне қайтқан.
Ауылдағылар Жаман Қарғалының бойында бұрын-соңды біреу суға батып кетті деген жаман хабарды естімедік дейді. Алайда, өзеннің дәл балалар батып кеткен тұсы-өте терең. Бөгет бар. Содан аққан судың екпінімен асты қазылып қалған.

Нұрлыбек Айжарықов, облыстық ТЖД басқарма басшысы:

Тұрғындардың айтуы бойынша, олар бұл суға түспейді екен. Себебі, терең екенін біледі. Ал балалар қалай, не себепті бұл жерге келгені әзірге белгісіз.

Құтқарушылар ата-аналарды балаларына бас-көз болып, қадағалауды сұрайды. Жыл басынан бері Ақтөбеде 5 адам суға кеткен, оның екеуі - бала.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: