Covid-2019: Елодалық әуежайда "қызыл" түсте 39 жолаушы анықталды
Бір апта ішінде Нұр-Сұлтан әуежайында "сары" түс 36 және "қызыл" түс 39 жолаушыдан анықталды, деп хабарлайды zakon.kz.
Алгоритм бойынша, арнайы қосымшадан анықталған "қызыл" түстегі жолаушылар жедел жәрдем келгенге дейін оқшауланып, содан кейін ауруханаға жатқызылған.
Жолаушылар әуежайға келмес бұрын қосымшаны жүктеп алып, өз түсін алдын-ала тексеріп алуына кеңес беріледі.
Ұшуға рұқсат жоқ болған жағдайда билет ақшасын қайтаруға қатысты сұрақтар әуе компаниясына жолдануы керек.
Әуежай қызметкерлерінде аэропорт ғимаратының кіреберісінде планшет ұстап тұрады. Смартфондары жоқ жолаушылар ЖСН-нін осы қызметкерлердің планшеті арқылы енгізіп, ковидке қатысты өз белгісін біле алады. ЖСН-і жоқ шетелдік жолаушыларға келетін болсақ, олар өз мәртебесін әуежай қызметкерлерінің планшетіне өз төлқұжатының нөмірін енгізу арқылы тексере алады, деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.
12 мамырда Ashyq жобасы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында толығымен іске қосылды.
Ashyq қосымшасындағы ақпарат Денсаулық сақтау министрлігінің жалпы мәліметтер базасымен интеграциялану арқылы толықтырылады және қазіргі уақытта вирустың тасымалдаушысы болып табыла ма. жоқ па деген сауал бойынша жолаушының мәртебесін анықтайды.