Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда азық-түлік тапшылығы жоқ – АШМ

ҚР АШМ, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.05.2021 22:21 ҚР АШМ
Азық-түлік тапшылығы жоқ және болмайды да.

Ауыл шаруашылығы министрлігі азық-түлік тауарларының негізгі 32 санаты бойынша өңірлердің қамтамасыз етілуіне апта сайын мониторинг жүргізуді жалғастыруда, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі

Бұл мониторинг тұрақтандыру қорларындағы, ірі сауда желілеріндегі, жеткізушілер мен қайта өңдеу кәсіпорындарының қоймаларындағы қорларды апта сайын бақылайды.

Өңірлер жіберген 13 мамырдағы деректер бойынша, республикада жалпы көлемі 1,2 млн тонна болатын түрлі азық-түлік тауар қоры бар. Оның ішінде өндіруші кәсіпорындарда – 625,2 мың тонна, қоймаларда – 173,2 мың тонна, сауда желілерінде – 345,1 ың тонна, тұрақтандыру қорларында – 19,6 мың тонна қор бар. Бұдан бөлек, 319,9 млн дана жұмыртқа және 5,6 млн тонна азық-түлік бидайы бар.

Айта кету керек, азық-түлік өндірісі артып келеді және қорлар үнемі жаңартылып, толықтырылып отырады. Сондықтан, азық-түлік тапшылығы жоқ және болмайды да.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: